Математикалық модельдеу әдiсi арқылы қоршаған ортаға жылу электр станцияларының жұмысының әсерiн бағалау

Авторлар

  • A. A. Исахов әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

стратификацияланған орта, Навье-Стокс теңдеуi, операциялық қуаты, Екiбастұз ГРЭС-2, ақырлы көлем әдiсi, Рунге-Кутта әдiсi, Шандаксор көлi

Аңдатпа

Жұмыста ақырлы көлем әдiсiмен аппроксимацияланатын, физикалық параметрлер бойынша ыдырау әдiсiне негiзделген, стратификацияланған ортадағы сығылмайтын сұйыққа арналған Навье-Стокс және температура теңдеулерiмен шешiлетiн, математикалық модельдеу арқылы қоршаған ортаға жылу электр станцияларының жұмысының әсерiн бағалау ұсынылды. Навье-Стокс және температура теңдеулерiн шешу үшiн арналған сандық алгоритмы осылай болып табылады: бiрiншi кезеңде қозғалыс санының ауысуы конвекция мен диффузияның есебiнен ғана болады деп болжанады. Аралық жылдамдық өрiсi 5- қадамды Рунге-Кутта әдiсiмен табылады. Екiншi кезеңде табылған аралық жылдамдық өрiс арқылы қысым өрiсi табылады. Қысым өрiсi үшiн Пуассон теңдеуi Якоби әдiсiмен шығарылады. Үшiншi кезеңде алмастыру қысым градиентi арқылы жүзеге асады деп болжаймыз. Төртiншi кезеңде температура теңдеуi қозғалыс теңдеуi сияқты 5-қадам Кутта Рунге әдiсi арқылы сандық шешiледi. Есептiң алгоритмi жоғары өнiмдi жүйеде параллелденген. Алынған үшөлшемдi стратификацияланған турбуленттi ағыстың сандық нәтижелерi су қоймаларында болып жатқан гидротермиялық процесстердiң негiзгi заңдылықтарын сапалы және айтарлықтай жуықтап алуға мүмкiндiк бередi.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-11-24