Каналдағы екi араласпайтын сұйықтардың бөлiну шекарасының қозғалысын сандық арқылы модельдеу
Кілт сөздер:
Навье-Стокс теңдеулер, екi араласпайтын сұйықтардың ағыны, Gerris бағдарлама, сырғанақ шекаралық шарт, сұйық көлем әдiсi, түйiскен сызық, түйiскен бұрыш, капиллярлық санАңдатпа
Каналдағы екi араласпайтын сұйықтардың бөлiну шекарасының қозғалысын сандық арқылы модельдеудiң негiзгi қыиндығы - қатты беттегi шекаралық шарттарды таңдау болып табылады. Егер қатты шекарада жабысқақ шекаралық шартты таңдасақ, онда бөлiну шекарасы қатты бет бойынша қозғалғанда, тұтқырлық кернеуi шексiздiкке ұмтылады. Түйiскен сызықпен қатты бет арасындағы аймақта ағындар молекулярлық масштабта өтсе, тұтас орта моделiн қолдану әлбетте дұрыс емес. Сонымен, түйiскен сызықпен қатты бет арасындағы аймақта екi сұйықпен қатты беттiн молекулярлық өзара әрекетесуiн зерттеу қажет және осы аймақты Навье-Стокс теңдеуiн қолдануға болатын түйiскен сызықтан шет аймақпен байланыстыру керек. Осындай талдау өте күрделi болады, бiрақ Навье-Стокс теңдеуiн шешу үшiн жабысқақ шекаралық шарттың орнына сырғанақ шекаралық шартты қолдануға болады деген жорамалымызды растауға мүмкiндiк бередi. Осы жұмыста каналдағы екi араласпайтын сұйықтардың ағыны үшiн Навье-Стокс теңдеуiн шешуге сұйық көлем әдiсiн қолданған. Сонымен қатар осы мақалада түйiскен бұрышпен капиллярлық сан арасындағы байланыс зерттеледi.
