Магниттелген ғарыштық аппараттың бағдарламалық қозғалысы
Кілт сөздер:
магниттелген серiк, геомагниттiк өрiс, басқарушы момент, бағдарламалық қозғалысАңдатпа
Мақалада геомагниттiк өрiстегi динамикалық симмериялы, магниттелген ғарыштық аппараттың полярлы жазық орбитадағы айналмалы қозғалысын басқаруды құру есебi қарастырылған. Серiктiң тұрақты магниттiк моментi динамикалық симметрия өсiмен багытталған. Серiктiң айналмалы қозғалысы серiктiң магниттiк моментi мен тура дипольмен моделденетiн Жердiң магниттiк өрiсiнiң өзара әрекетiмен берiледi. Гравитациялық моменттiң әсерi ескерiлмеген. Басқару жүйесiнiң есебi - қажеттi бағдарламалық қозғалыс болып табылады. Бағдарламалық қозғалыс ретiнде серiктiң өз өсi бойында тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналатын қозғалысы алынған. Аталған жағдайда өстен ауытқу бұрышы тұрақты болып қалады. Магниттелген серiктiң қозғалыс теңдеуi жартылай бекiтiлген санақ жүйесiнде құрылды. Берiлген бағдарламалық қозғалысты қанағаттандыратын басқару моменттерi табылды. Басқарылатын жүйенiң қозғалыс теңдеуiнiң шешiмi Maple математикалық пакетiнде Рунге-Кутта әдiсiмен шығарылды. Шешiмнiң нәтижесi бойынша қозғалыстың кинематикалық параметрлерлерiнiң графиктерi алынып, келесiдей қорытынды жасалынды: басқару моменттерi ескерiлмеген кезде серiктiң қозғалысы басқарылмайтындығы анықталды. Асимтотикалық орнықсыздық кезiнде өстiң ауытқу бұрышы мен бұрыштық жылдамдықтың мәнiн таңдап алу барысында бағдарламалық қозғалысты жүзеге асыруға болатындығы көрсетiлдi.
