Адам капиталын қосу арқылы Солоу моделiн шешу үшiн дифференциалдық эволюция алгоритмiн қолдануы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jmmcs-2018-2-406Кілт сөздер:
экономикалық модель, керi есептер, оңтайландыру, дифференциалдық эволюция, Солоу моделiАңдатпа
параметрлерiн анық таудың сандық зерттеуiне арналған. Өлшеуi қиын параметрлердiң
маңыздылығы соншалық , олардың анық тамалары болашақ та мемлекеттiк деңгейде болжам
жасау және жұмыс жоспарын жасауға көмектеседi. Параметрлерiн қалпына келтiрудiң
тиiмдi жолы - керi есептердi шешу. Осы мақалада Райнер Сторн мен Кеннет Прайс
ұсынған дифференциалдық эволюция алгоритмiн пайдалану арқылы коэффициенттердi
қалпына келтiру әдiсi ұсынылған. Роберт Солоудың неоклассикалық экономикалық өсуiнiң
математикалық моделiн тiкелей шешiп және алынған нәтижелердi мысалға келтiрiп, керi
проблема шешiлдi және белгiсiз параметрлер анықталды. Солоу моделi Кобб-Дугластың
өндiрiс функциясына негiзделедi, еңбек, капиталды және экзогендiк бейтарап техникалық
прогрестi ескере отырып. Сондай-ақ , келесi есептеулер үшiн Мэнкью-Ромер-Уэйл ұсынған, бiрақ адам капиталын қосу арқ ылы, Солоу моделiне негiзделген экономикалық модельдi қарастырамыз, бiрақ
қалпына келтiрудi қажет ететiн ауыспалылар мен коэффициенттердiң саны өседi. Сонымен
бiрге тiкелей есеп шешiлдi, параметрлерiн қалпына келтiру үшiн дифференциалдық
эволюция алгоритмiнде қолданылған нәтижелер алынды.
