Фазасы өзгеретiн материал негiзiнде күн жылу энергиясын сақтауды эксперименттiк және сандық зерттеу
Кілт сөздер:
латенттiк жылу сақтағыш, жылуды сақтау, фазасы өзгеретiн материалда жулыды сақтауАңдатпа
Қазiргi таңда, ғимараттар, бүкiл әлемдегi жылу энергиясының 40% тұтынуына жауапты, және бұл энергия тұтыну әлемдегi жалпы парниктiк газдардың атмосфераға бөлiнуiнiң үштен бiр бөлiгiне жауапты болып табылады. Осы энергияның көп бөлiгi жарықтандыру, жылыту, салқындату және ауа кондиционерлерi үшiн пайдаланылады. Дәстүрлi жылу станцияларының қоршаған ортаға әсерiне байланысты, қазiргi таңда экологиялық таза жылу энергия көздерiн пайдалануға қызығушылық туғызды. Бұл жұмыс күн энергиясын фазасы өзгеретiн материял арқылы сақтау, оны күнделiктi су жылыту үшiн пайдалана отырып, күн энергиясының сақтау мүмкiндiктерiн зерттеу және зерделеу үшiн жүргiзiлдi. Негiзiнде фазасы өзгеретiн материал жатқан, бұл жағдайда парафин, латенттi жылу сақтағышты зарядтау барысында, оның жылу сыйымдылығы анықталды және фазасы өзгеретiн материалсыз жылу сақтағышпен, тек сумен сақтағанда, салыстырулар жүргiзiлдi. Нәтижесiнде, латенттiк жылу сақтағыш фазасы өзгеретiн материалсыз жылу сақтағышқа қарағанда 40% -ға артық жылуды сақтады. Сонымен қатар, негiзiнде фазасы өзгеретiн материал жатқан латенттiк жылу сақтағыштың жылу өрiсiнiң өзгерiсi сандық түрде зерттелген. Нәтижесiнде, сандық әдiспен алынған нәтижелер экспериманталды түрде алынған нәтижелерiмен келiсетiнiн байқадық және бұл математикалық моделдiң және моделдеу нәтижелерiнiң дұрыстығын көрсететтi.










