Модельге бағытталған жобалау арқылы жүктеудi безбеңдеудiң өндiрiстiк алгоритмдерiн зерттеу

Авторлар

  • K. A. Aidarov әл-Фараби атындаңы Қазақ Ұлттық университетi, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • A. Zh. Almatov әл-Фараби атындаңы Қазақ Ұлттық университетi, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

жүктеудi безбеңдеу, дискреттi-оқиғалы модельдеу, модельге бағытталған жобалау, ықтималдық модельдеу

Аңдатпа

Берiлген жұмыс, шынайы өндiрiстiк мекемелерде қолданылатын, арнайы емес клиенттерi бар сырттай қызметтер үшiн безбеңдеу алгоритмдерiн сипаттайды. Бұндай қызметтiң ең қарапайым мысалы ретiнде веб-сервердi немесе браузердi алуға болады. Безбеңдеу принциптерi, олардың артықшылықтары мен кемшiлiктерi қарастырылған, түрлi қызметтер үшiн iске асырылулары мен қолданымдылығы сипатталған. DNS Round Robin, Direct Routing, редирект үдiстерi үшiн безбеңдеу алгоритмдерi зерттелген. Модельдi кластерлiк жүйе үшiн iске асыру нәтижесi бойынша, жүйенiң асыра жүктелген және қалыпты жағдайлары арасындағы осцилляция әсерiнiң кемуi бакыланды. Макаланың соңында iске асырылған желiлiк жүйенiң моделiн, түрлi қолданушылардың сұраныстарын өңдеу қызметтерi үшiн, қолдануға нұсқаулықтар келтiрiлген.

Жарияланды

2018-06-27