Дәрiлердi иммунды-желiлiк моделдеу үшiн үйiр интеллектiсiнiң алгоритмдерiнiң онтологиялық моделдерi

Авторлар

  • G. A. Samigulina Ақпараттық және есептеуiш технологиялар институты, Алматы, Қазақстан
  • Zh. A. Massimkanova аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан

Кілт сөздер:

дәрiлердiң компьютерлiк молекулярлық дизайны, QSAR, үйiр интеллектiсi, ақпараттык дескрипторларды бөлу, онтологиялық моделдер

Аңдатпа

Мақала жасанды иммундық жүйелер мен үйiр интеллектiсiнiң әдiстерiнiң негiзiнде жаңа дәрi-дәрмектердiң қасиеттерiн болжаудың ақпараттық жүйесiн құрастыруға арналған. Дескрипторларды таңдау заттектердiң химиялық құрылымы мен олардың биологиялық белсендiлiгi арасындағы байланысты (QSAR, Quantitative Structure-Activity Relationship) болжау барысында маңызды көрiнiс болып табылады. Белгiленген қасиеттерi бар химиялық байланыстарды болжаудың жоғары дәлдiгiн қамтамасыз ететiн жасанды интеллект әдiстерiн қолдану QSAR облысындағы келешектi бағыт болып табылады. Мақалада ақпараттық дескрипторларды бөлу және ары қарай химиялық байланыстардың фармакологиялық белсендiлiктерiн иммунды-желiлiк моделдеу есептерiн шешу үшiн аралар шоғыры әдiсi мен құстар алгоритмi қарастырылды. Дескрипторлардың оңтайлы жинағын құрастыру үшiн берiлген алгоритмдердi жүзеге асырудың қолда бар құралдары сипатталды. Дәрiлердi иммунды-желiлiк моделдеу барысында мультиалгоритмдык әдiстi қолдану пайдаланылатын әдiстердi жүйелеудi және кiрiктiрiлген онтологиялық моделiн құрастыруды талап етедi. Онтологиялық моделдердi құрастыру белгiленген фармакологиялық белсендiлiгi бар жаңа химиялық заттектердi иммунды-желiлiк моделдеу үшiн құрамдастық-бағытталған бағдарламалық қамтамасыз етудi құрастыру барысында кiрiс және шығыс деректерiн жүйелеуге, жұмыс iстеу және байланысу ерекшелiктерiн ескеруге, уақыт және есептеу ресурстарын азайтуға мүмкiндiк бередi. Ақпараттық дескрипторларды бөлу есебiн шешу үшiн аралар шоғыры әдiсi мен құстар алгоритмiнiң онтологиялық моделдерi Protеgе онтология редакторында құрастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-27