Дифференциалды әдiстердi қолданып бейiмделген құрылымдық емес торларды құру

Авторлар

  • Olzhas Nurkonysuly Turar Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • D. Zh. Akhmed-Zaki Халықаралық Бизнесс Университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jmmcs-2018-2-441

Кілт сөздер:

Есептеу торын құру алгоритмi, құрылымдық емес тор, бейiмделген тор, дифференциалдық эллиптикалық теңдеулер, керiленген Белтрами теңдеуi

Аңдатпа

Есептеуiш бейiмделген торларды жасау сандық аппроксимация дәлдiгiн арттыру арқылы математикалық модельдеудiң тиiмдiлiгiн арттырады. Мақалада дифференциалды әдiстерге негiзделген бейiмделген құрылымдық емес торларды құру әдiсi сипатталған. Осы әдiстердi қолдану тор ұяшықтарының геометриялық сипаттамаларының тегiстелуiн қамтамасыз етедi, яғни бұл жағдайда көршi ұяшықтардың көлемдерi мен пiшiндерi тым ұқсамау мүмкiндiгi өте төмен.Құрылым сақтамайтын торларда дұрыс бейiмделудi қамтамасыз ету үшiн адаптивтi құрылымдық торларды құру әдiстемесiне негiзделген жаңа тәсiл қолданылады. Бұл тәсiлде керiленген Белтрами теңдеуiн шешуге негiзделген торларды құру әдiсi белгiлi бiр анықтамалық аймақты физикалық облысқа бейнелеудi табу ішiн пайдаланылады. Осы салыстыруды пайдалана отырып, Делоне триангуляция әдiсiн пайдаланып құрылым сақтамайтын тор құру үшiн пайдаланылатын нүктелер жиынтығы жасалады. Осылайша, нәтиже дұрыс бейiмделуi бар құрылым сақтамайтын тор болып табылады. Жарықтар және сынықтар немесе басқа да құрылымдық элементтердi қосу шектеулерi бар Делоне триангу-
ляциясының көмегiмен жүзеге асырылады. 

Жарияланды

2018-08-29