Ақпараттық жүйелер арасында мәлiметтермен алмасу жолдары мен проблемалары
Кілт сөздер:
мәлiметтер, метамәлiметтер, мәлiметтермен алмасу, OLTP, OLAP, есiмдер кеңiстiгiАңдатпа
Екi немесе одан да көп ақпараттық жүйелердiң өзара мәлiметтермен алмасу процесi күрделi және қажеттi есеп болып табылады. Соңғы үш онжылдықта бұл есеп қолмен енгiзу әдiсiнен бастап жүйелердiң өзара автаматтандырылiан түрде мәлiметтермен алмасу деңгейiне дейiн өзiнiң эволюциялық жолын өттi. Бұл жұмыста ақпараттық жүйелер арасындағы өзара мәлiметтермен алмасуды ұйымдастырудың қазiргi замандағы әртүрлi технологиялары қарастырылады, соның iшiнде OLTP- мен OLAP-жүйелерiнiң арасындағы алмасу процестерi қамтылған. ETL, MDM сияқты технологиялардың және есiмдер кеңiстiгiне негiзделген технологиялардың сипаттамалары келтiрiлген, соның iшiнде "Фактор" жүйелiк зерттеулер компаниясында жасалып жатқан "ТОФИ синхронизаторы" жайлы сөз қозғалған. ТОФИ технологиясында қолданылатын "мәлiметтер"түсiнiгi, ТОФИ есiмдер кеңiстiгi және ТОФИ синхронизаторының функционалды мүмкiншiлiктерi жан-жақты зерттелген. Функционалды аспап ретiнде синхронизатор кодтау жүйелерi негiзiнде әртүрлi ақпараттық жүйелердiң метамәлiметтерiн сәйкестендiредi, автоматты түрде (белгiленген кесте бойынша) метамәлiметтердi дайындайды, басқа ақпараттық жүйелермен метамәлiметтермен алмасады, басқа жүйелерге беру үшiн мәлiметтердi дайындайды, басқа жүйелерден мәлiметтер жиынтығын қабылдайды және басқа да жұмыстар атқарады. ТОФИ есiмдер кеңiстiгiне негiзделген мәлiметтермен алмасу құбылысы метамәлiметтердi сәйкестендiру арқасында автоматтандырылған түрде жүруi мүмкiн.
