Бұлдыр синтетикалық бағалау есебiндегi топтық әдiс туралы
Кілт сөздер:
cинтетикалық әдiс, топтық есеп, критерийлер салмағы, бұлдыр классификацияАңдатпа
Бұлдыр бағалауды жүзеге асыратын синтетикалық әдiстi түрлi функциялармен сипатталатын объекттердi бағалауға мүмкiндiк беретiн есептерге қолдануға болады. Мұндай есептердегi негiзгi мәселе – сандық сипаттама болып табылатын түрлi функциялардың мәндерi, яғни олардың салмағын анықтау болып табылады. Түрлi салмақтық векторларды қолдану бағалаудың түрлi нәтижелерiне алып келедi. Салмақтық векторларды анықтаудың түрлi әдiстерi болғанымен, олардың iшiнен ең тиiмдiсiн таңдап беретiн критерийлердiң жоқтың қасы. Объекттердi бұлдыр синтетикалық бағалау әдiсi арқылы салмақты анықтауға мүмкiндiк бар. Критерийлердiн салмағын анықтауға мүмкiндiк беретiн топтық есептеудi қолдану ұсынылуда. Ол универсалды жол болып саналады және оны синтетиклық бағалау әдiсiнiң түрлi модификацияларына қолдануға болады. Сонымен қатар әдiстiң салмағын анықтау мақсатында бағалаудың синтетикалық әдiсi мен бұлдыр классификациялау әдiсi арасында байланыс орнатылды. Бұдан бөлек мақалада топтық есептеуге арналған критерийлер салмағын анықтайтын теорема дәлелдеуi сипатталады.
