Университеттiң IT-инфрақұрылымын дамыту мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруында ақпараттық қауiпсiздiгiнiң рөлi

Авторлар

  • R. M. Dussekeyev Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы
  • G. M. Mutanov Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы
  • Zh. D. Mamykova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету моделi, АТ-инфрақұрылым, корпоративтiк ақпараттық жүйесi, ЖОО, ақпараттық қауiпсiздiк

Аңдатпа

Қазiргi уақытта бiлiм беру секторы жаңа сипаттарды алып, өте тез дамып келедi, оның функционалдық, құрылымдық, ұйымдастырушылық, идеологиялық және құндылықты сипаттамалары өзгерiп келедi. Жоғары бiлiм мектебiнде өте маңызды трансформациялар болып жатыр. Осының барлығы университеттiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн жаңа көздерiн табу мәселесiн тудырады.Мақала жоғары оқу орындарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн ақпараттық қауiпсiздiктiң (АҚ) рөлiне арналған. АҚ деңгейi, университеттердiң жұмысының тиiмдiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерi: бiлiм беру үдерiсiнiң сапасы, болашақ мамандар-түлектерiнiң дайындығы, ғылыми зерттеулердiң саны мен сапасы, жоғары бiлiктi профессор-оқытушылар құрамымен бiрге маңызды көрсеткiш болып табылады, өйткенi жоғары оқу орында ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету сапасы, оның беделiне және, осылайша, бәсекеге қабiлеттiлiгiне тiкелей әсер етедi. Бүгiнгi күнi, жоғары оқу орындарында АТ-инфрақұрылымды қорғау үшiн нысандандырылған рәсiмдер, iс-әрекеттер немесе шаралар және ақпараттық қауiпсiздiктi басқару моделi жоқ. Бұл еңбекте жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелердiң (АЖ) қауiпсiздiгi үшiн негiзгi қауiп-қатерлерiне талдау жасалған, оның нәтижелерi негiзiнде жоғары оқу орындарының өз ақпараттық қауiпсiздiк жүйесiн құру үшiн негiз ретiнде пайдалануға болатын басқару моделi ұсынылады. Осы модельдi пайдалануы АТ-инфрақұрылымының ақпараттық қауiпсiздiгi үшiн қатерлерiн тиiмдi алдын алуға және алдын-ала анықтауға мүмкiндiк бередi және ұйымның бәсекеге қабiлеттiлiгiн көрсеткiштерiнiң бiрi, ақпараттық қауiпсiздiктiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етедi.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-18