Құрақ-тұрақты аргументтi сингулярлы ауытқыған сызықты осциллятор

Авторлар

  • M. U. Akhmet Орталық-шығыс техникалық университетi, Анкара қ., Түркия
  • M. K. Dauylbayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ., Қазақстан
  • A. E. Mirzakulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы
  • N. Atakhan Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетi, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

DOI:

10.26577/jmmcs-2018-1-480

Кілт сөздер:

жалпыланған түрдегi құрақ-тұрақты аргумент, кiшi параметр, сингулярлы ауытқу

Аңдатпа

Мақалада құрақ-тұрақты аргументтi екiншi реттi сингулярлы ауытқыған сызықты
дифференциалдық теңдеу үшiн Коши есебi қарастырылған. Жұмыста құрақ-
тұрақты аргументтi сингулярлы ауытқыған сызықты гармоникалық осциллятордың
анықтамасы келтiрiлдi. Құрақ-тұрақты аргументтi сингулярлы ауытқыған бiртектi
емес дифференциалдық теңдеуге сәйкес бiртектi құрақ-тұрақты аргументтi сингулярлы
ауытқыған дифференциалдық теңдеудiң iргелi шешiмдер жүйесi құрылды. Iргелi шешiмдер
жүйесiнiң көмегiмен бастапқы функциялары құрылып, олардың асимптотикалық сипаттары
алынған. Редукция тәсiлiн қолданып, қойылған құрақ-тұрақты аргументтi сингулярлы
ауытқыған бастапқы есебiнiң шешiмiнiң аналитикалық формуласы алынды. Сонымен
қоса, сингулярлы ауытқыған Коши есебiне сәйкес ауытқымаған Коши есебi құрылды.
Ауытқымаған Коши есебiнiң шешiмi алынды. Кiшi параметр нөлге ұмтылғанда, құрақ-
тұрақты аргументтi сингулярлы ауытқыған Коши есебiнiң шешiмi құрақ-тұрақты аргументтi
ауытқымаған Коши есебiнiң шешiмiне ұмтылатыны көрсетiлдi. Шектiк көшу теоремасы
дәлелдендi.

Жарияланды

2018-08-27