Жуатын сұйықтық ағыны есепке алумен бұрғылау бағанасы сызықты емес динамикасын моделдеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/mmcs-2018-1-487Кілт сөздер:
бұрғылау бағанасы, математикалық модель, геометриялық сызықты еместiк, көлденең тербелiстерАңдатпа
Осы жұмыста жуатын сұйықтық iшкi ағынының әсерiнен бұрғылау бағанасы
динамикасының математикалық моделiн әзiрлеу жүргiзiледi. Жуатын сұйықтық тиiмдi,
үнемдi және қауiпсiз мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үдерiсiн қамтамасыз ету үшiн
маңызды рөл атқарады. Бұл бұрғылау бағаналарының қозғалысына бұрғылау ерiтiндiсiнiң
ықпалына байланысты терең зерттеулер жүргiзудi қажет етедi. Моделдеу геометриялық
сызықты еместiктi ескере отыруы, бұрғылау бағанасының айналуы және сыртқы күш
факторларының әсерiнен қиындатылады. В.В. Новожиловтың сызықты емес серпiмдiлiк
теориясы математикалық моделдiң негiзi құрастырады. Бұрғылау бағанасының қозғалыс
теңдеулерiн шығару үшiн Остроградский-Гамильтон вариациялық принципi қолданылады.
Жуатын сұйықтық ағыны тұрақты жылдамдықпен қозғалады деп ұйғарылады. Сығылған
сырықтың ретiнде бұрғылау бағанасының көлденең тербелiстер сипаттайтын алынған
сызықты емес теңдеулер бұрғылау ерiтiндiсi әрекетiн ескере отырып, бағанасы көлденең
тербелiстердiң белгiлi сызықтық моделдерiн жинақтап қорытады. Олар сапалы жаңа және
математикалық негiзделген деңгейде бұрғылау жабдықтары сызықты емес динамикасы
есептердiң кең классы шешуге мүмкiндiк бередi.
