Дыбыстан газ ағынында бұрғылау бағанасының динамикалық тұрақтылығы туралы

Авторлар

  • Askat K. Kudaibergenov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы
  • L. A. Khajiyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы

DOI:

10.26577/jmmcs-2018-1-488

Кілт сөздер:

бұрғылау бағанасы, тұрақтылық, сызықты еместiк, газ ағыны

Аңдатпа

Осы жұмыста бiлiкке түсетiн сыртқы жүк-салмақтың әрекетi, бұрғылау бағанасының
бастапқы қисықтығы, геометриялық сызықты еместiк және айналыстағы орта түрiнде
дыбыстан газ ағынының әсерiн ескере отырып бұрғылау бағанасы сызықты емес
динамикасының тұрақтылығын зерттеледi. Бұрғылау бағанасы тұрақты көлденең
қимасымен айналмалы серпiмдi изотроптық бiлiк түрiнде қаралады. Ұңғыманы тазарту
және бұрғылау шламын кенжарден жер бетiне тасымалдау үшiн қолданылатын газ
ағынының қысымы поршендi теорияның үшiншi жуықтауда сызықты емес тәуелдiлiктерiнен
анықталады. Галеркин әдiсiн пайдалану уақыттық функцияны жай дифференциалдык
теңдеуге ауысуға мүмкiндiк бередi. Тиiстi ауыстыру енгiзу жолымен бұл теңдеудiң
симметриялы емес сызықты емес сипаттамасын шығарылады. Шағын ұйтқу анықталай
және гармоникалық баланс әдiсi қолданылай, сипаттамалық аныктауыштар кұрылады.
Қауiптi жиiлiктiк режiм ауқымы анықтауға және бұрғылау үдерiсiнiң қауiпсiздiгiн көтеруге
мүмкiндiк беретiн негiзгi резонанс динамикалық орнықсыздығы аймақтарының шектерiн
теңдеулер табылады.

Жарияланды

2018-08-27