Автомобильдi нейтрализаторда пайдаланылған газдарды тазалау кезiнде тасымалдау процестерiн математикалық және сандық модельдеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/jmmcs-2018-1-491Кілт сөздер:
нейтрализатор, катализдiк нейтрализатор, итерация әдiсi, қуалау әдiсiАңдатпа
Қазақстанда жыл сайын атмосфераны 5-7 млн. тонна төңiрегiнде зиянды заттар ластайды,
оның үштен бiр бөлiгi көлiкке тиесiлi. Республика қалалары әуе бассейнiнiң тым ластануы
- ластаушылардың металлургия, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарының,
автомобиль және темiржол көлiгiнiң зиянды заттарды шығаруынан туындап отыр.
Автомобиль көлiгi бөлiп шығаратын зиянды заттар ауаға, су қоймаларына, топыраққа түсiп
планетамыздың биосферасына керi әсер етедi. Қазiргi кезде автомобиль қозғалтқышында
1 килограм бензин жанғанда 3 килограм атмосфералық оттегi шығындалады. Әрбiр
автомобиль ауаға сағат сайын 60 м3 газ, ал жүк машинасы 120 м3 газ бөлiп шығарады. Бұл
заттар тiрi организмдер үшiн өте қауiптi және таусылған газдарды тазарту проблемасын
шешу өте өзектi.
Осы мақаланың мақсаты - заманауи программалау тiлi мен заманауи есептеу техникасын
қолдана отырып, автокөлiк құралдарын бейтараптандырудағы көшiру процестерiндегi
математикалық және сандық моделдеу. Осындай мәселенi шешу қоршаған ортаны автокөлiк
газдарынан қорғауға белгiлi бiр үлес қосу болып табылады. Пайдаланылған газдарда тазалау
жүмысы зерттелдi, яғни автокөлiк бейтараптандырғышының пайдаланылған газдарының
катализдiк тотығуы. Математикалық модельде дифференциалдық теңдеулер жүйесi жылу
мен масса алмасу бар, оның iшiнде химиялық реакциядан жылу таралады. Теңдеулер
жүйесi сандық әдiстер арқылы шешiледi және автокөлiк бейтараптандырғышында таусылған
газдарды тазарту мiндетiн есептеудiң алгоритмi құрылып дамытылады.
