Метод МГД турбуленттiлiктiң азғындауын үлкен құйындар әдiспен модельдеу үшiн гибридтi ақырлы-айырымдылық әдiсi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS-2018-3-519Кілт сөздер:
Магнитогидродинамика, Тейлор-Грин құйындылық мәселесi, соңғы айырымдық гибридтi әдiс, спектральдық әдiс, турбуленттiлiктiң азғындауыАңдатпа
Бұл мақала ақырлы айырымдылық және спектрлiк екi сандық әдiстердi бiрiктiретiн гибридтi
ақырлы-айырымдылық әдiспен (ГААӘ) магнитогидродинамикалық (МГД) турбуленттiлiктiң
азғындауын моделдеуiне арналған. Кеңiстiкте төртiншi реттiк және уақыт бойынша үшiншi
реттiк дәлдiгiн беретiн бес-диагональды циклдық матрицамен ақырлы –айырымдылық
әдiс көмегiмен Навье-Стокс теңдеуiнiң және магнит өрiс теңдеуiнiң шешiмдерiнiң негiзiнде
гибрид әдiсiнiң сандық алгоритмi құрылған. Қысымға арналған Пуассон теңдеуi спектрлiк
әдiспен шешiледi. Дамытылған алгоритмдi тексеру үшiн магниттiк өрiстi ескермейтiн
Тэйлор және Грин үш өлшемдi құйынды ағынның классикалық мәселесiн қарастырамыз,
және модельдеу арқылы алынған турбуленттi сипаттамалары қысқа мерзiмдi интервалдағы
аналитикалық шешiмнiң нәтижелерiмен жақсы келiсiм бередi. Әр түрлi Рейнольдс
сандарында магнитогидродинамикалық турбуленттiлiктiң азғындауын модельдеу үшiн
дамыған тиiмдi сандық алгоритм қолданылуы мүмкiн.
