Виртуалды шындық жүйелеріне арналған мұнай және газ қабаты моделінің және физикалық сипаттамасының үш өлшемді визуализациясы

Авторлар

  • D. Zh. Akhmed-Zaki Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • O. N. Turar Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. R. Rakhymova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS-2018-3-521

Кілт сөздер:

компьютерлік графика, компьютерлік анимация, машиналық графика, виртуалды шындық, OpenGL, OpenVR, шейдер, визуализация, торлы модельдің визуализациясы

Аңдатпа

Мақалада виртуалды шындық жүйесінде мұнай және газ қабаты моделінің торлы үлгілерін үшөлшемді визуализациялаудың негізгі әрекеттері сипатталады. Жұмыс C ++ бағдарламалау тілінде іске асырылды, модельді бейнелеу үшін OpenGL кітапханасы және виртуалды ортада модельді визуализациялау үшін OpenVR кітапханасы және қосымша SteamVR бағдарламасы пайдаланылды. Құрылған визуализация модулі виртуалды ортада жұмыс істеу үшін виртуалды шындық көзәйнегі, базалық станциялар және контроллерлер секілді арнайы жабдықтарды қосуды талап етеді. Модельді визуализациялау үшін қолданылатын деректер ретінде .GRDECL форматындағы геометриялық деректер және модельдің физикалық сипаттамалары ұсынылады. Schlumberge Eclipse фирмасымен құрылған .GRDECL форматы мұнай кен орнының моделін сипаттау үшін қолданылады. Бұл форматтағы файлдар Ox, Oy және Oz бойында  ұяшықтарынан тұратын үш өлшемді модельді сипаттайтын деректерді сақтайды. Виртуалды шындықты пайдаланудың артықшылығы – бақылаушының көрнекті қабылдауы айтарлықтай жақсарады және бақылаушы өзге виртуалды ортада қатысу әсеріне ие болады. Виртуалды шындық көзәйнегінде объектіні сызу сапасы тегіс экранды монитордағы бейнелеуден айтарлықтай ерекшеленеді.

Түйін сөздер: компьютерлік графика, компьютерлік анимация, машиналық графика, виртуалды шындық, OpenGL, OpenVR, шейдер, визуализация, торлы модельдің визуализациясы, .GRDECL.

Жарияланды

2018-12-22

Журналдың саны

Бөлім

Computer Science