Ұңғыманы бұрғылау процессiн математикалық пiшiндеу және бақылау

Авторлар

  • G. Dairbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. Kabylzhan Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

ұңғымаларды бұрғылау, шаю, қашау арқылы бұрғылаудың жылдамдығы, қысым, математикалық модель, кемiмелдiк талдау

Аңдатпа

Мақалада математикалық пiшiндеу аппаратын қолдану арқылы ұңғыманы бұрғылау процессi талқыланған. Бұрғылау процессiн сипаттау үшiн ұңғыманы тереңдетудiң және шаюдың математикалық моделдерi қолданылған. Жерасты ұңғымасын қашау арқылы бұрғылаудың механикалық жылдамдығы М.Г. Бингхэм ұсынған теңдеу арқылы сипатталады [2]. Сонымен бiрге ең аз квадраттар әдiсi мен кмемiлмелдiк талдауды қолдану негiзiнде бұрғылаудың гидравликалық параметрлермен бiрге механикалық жылдамдығының толық математикалық моделi қарастырылады. Механикалық жылдамдықты бұрғылаудың ерiктi деректерiн есептеу үшiн бұрғылаудың толық моделiнде парамтерлiк коэффициенттердi табудың есептегiш алгоритмi жетiлдiрiлген. Бұрғылаудың тәжiрибелiк және есептелiнген деректердi салыстыру талдауы орындалған. Жеке телiмдердегi бұрғылау ерiтiндiсiнiң қысымының ортақ жоғалуында негiзделген ұңғыманы гидравликалық шаюдың математикалық моделi қарастырылған. ұңғыманы шаю тек кенжарды бұрғылау қалдықтарынан тазарту үшiн ғана емес, сонымен қатар бұрғылау ерiтiндiсiнiң қозғалыс барысында пайда болатын ұңғыманың қашауларын саздау (бекiту), құрылғыны суыту және майлау процесстерiнде қолданылады. Физикалық параметрлерге тәуелдi әртүрлi телiмдердегi қысымның жоғалуы зерттелелген.

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

Қолданылмалы математика