Көлденең ағысындағы пассивтi скаляр қоспаның таралуының математикалық модельдеуi

Авторлар

  • A. A. Issakhov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. R. Baitureyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

Навье-Стокс теңдеулерi, зат тасымалы, сандық модельдеу, ауаның ластануы, концентрация

Аңдатпа

Өнеркәсiптiң белсендi дамуының арқасында зауыттар, фабрикалар, ЖЭС және АЭС сандары көбейедi, соның салдарынан атмосфераға шығарындыларының көлемi өсiп жатыр. Зиянды химиялық қосылыстар төмен түсiп, атмосфераның жер қабатында қалады, сондықтан халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiретiн әр түрлi экологиялық проблемалар басталады. Осыны ескере отырып, шығарындыларының көлемiн қоршаған орта үшiн қауiпсiз деңгейде бақылау өте маңызды. Бұл үшiн зиянды шықарындылардың таратылуын зерттеу қажет. қозғалыс және газ тектес заттар қимылын математикалық моделiн құрып бағалау неғұрлым оңтайлы тәсiл болып табылады. Мұндай модель әр түрлi физикалық, метеорологиялық және химиялық факторларды көздейдi. Ұсынылған жұмыста таңдалған математикалық моделдiң және шешу алгоритмiнiң дұрыстылығын тексеретiн модельдiк есеп қарастырылады. Модель заттардың физикалық параметрлерiн ескертiп, жел жылдамдығына байланысты реагенттердiң химиялық реакцияларын және шығарындылардың таратылуын есептейдi. Есеп ANSYS Fluent бағдарламалық кешенiнiң көмегiмен орындалған. Аяғында сандық шешiмдердiң нәтижелерi келтiрiлген және графиктер салынған. Мұндай есеп бар математикалық моделдi және оны шешетiн сандық алгоритмын тексеруге мүмкiндiк бередi.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

Қолданылмалы математика