Каспий теңiзi бетiнде ауа райы жағдайына байланысты мұнай дағының таралу аймағының бағалауын және орын ауысуын математикалық модельдеу

Авторлар

  • A. Assylbekuly Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы
  • A. U. Abdibekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы
  • T. Т. Zhumagulov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

мұнай төгiлуi, мұнай дағы, Каспий теңiзi, қоршаған ортаны қорғау, ауа райы жағдайлары, математикалық модельдеу

Аңдатпа

Бұл жұмыста Каспий теңiзiнде ауа райы жағдайына байланысты мұнай төгiлуiн және жанар
отынның орын ауысу процестерi қарастырылады. Әдетте төтенше жағдайды талдау кезiнде,
экологтарға төгiлу нәтижесiнде пайда болған мұнай дағының қай бағытта жылжитынын,
мұнай дағының қандай аймақ алатындығын, мұнайдың құрамы қалай өзгеретiндiгiн, мұнай-
дың қандай бөлiгi буланатындығын бiлу қажет, осындай және басқа да бiрқатар мәселелер
туғызатын сұрақтарға математикалық модельдеу арқылы жауап беруге болады. Қарасты-
рылатын процесс үшiн математикалық модельдердiң теориялық негiзi гидродинамика теңде-
улерi, тасымал теңдеуi және мұнай компоненттерi қоспасының теңдеуi, сондай-ақ теңiз бетiне
төгiлген мұнайдың салдарынан пайда болған қабықтың жалпы массасының саны өзгермеуiн
бiлдiретiн үзiлiссiздiк теңдеуi есепке алынады. Нәтижесiнде ауа райы жағдайына байланысты
теңiз бетiне стационарлы көзден төгiлген мұнай дағының орын ауысу траекториясы, темпе-
ратурасы мен қоспасының өзгерiсi анықталды. Бұл модель Каспий теңiзi акваториясында ауа
райы жағдайына байланысты мұнай дағының орын ауысу траекториясын анықтауға және
төгiлген мұнай дағының аймағын есептеуге, сондай-ақ бастапқы массасы әр түрлi болатын
мұнайдың ашық теңiзде төгiлуiн сандық модельдеуге мүмкiндiк бередi.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-02