Метанның (CH4) жану процесiн PrIMe бағдарламалық кешенiнде моделдеу
Кілт сөздер:
метан, жану, PrIMe бағдарламалық кешенi, механизм, стехиометрия, жану жылдамдығыАңдатпа
Метанның ауада жануын зерттеу химиялық процесстердi модельдеуге арналған Process
Informatics Model (PrIMe) бағдарламалық кешенiнде жүргiзiлдi. Модельдеу үшiн метанның
ауада жануын сипаттайтын механизм таңдалып алынады. Механизм бағдарламаның де-
ректер қорындағы табиғи газдың жануын сипаттайтын 309 реакция, 53 реагенттен түуратын
GRI 3.0 механизмi алынды.GRI 3.0 кинетикалық механизмi байланыстардың қандай тәр-
тiппен үзiлiп немесе құрылатындығын молекулярлық деңгейде сипаттайды, сонымен қатар
модельдеу Plug Flow Reaktor (PFR) реакторында, метанның ауада жануының стехиометри-
ялық қоспасымен жүргiзiлдi. Метанның ауада жануын модельдеу барысында қысым төмен
болғанда реакцияның жүрмейтiндiгiн, ал температура артқан сайын реакция тез жүретiнiн
байқауға болады. Сонымен қатар құрамында азот радикалдары бар отындардың пиролизiнiң
нәтижесi азот оксидтерiнiң NOx түзiлуiне алып келетiнiн көремiз.
