Экологиялық бақылаудың ақпараттық-моделдеу жүйесі үшін қосымшалар форматын әзірлеу

Авторлар

  • K. T. Iskakov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Z. T. Khassenova Z.T. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • B. N. Mynbayeva Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті image/svg+xml
  • Zh. O. Oralbekova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Sh. O. Mukhtarova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS-2018-4-556

Кілт сөздер:

деректер, NetCDF, деректер қорын басқару жүйелері, деректер қоры, экологиялық бақылау

Аңдатпа

Заманауи технологиялар негізінде қосымшалар форматын әзірлеу қажеттілігі экологиялық бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің өзектілігімен анықталады. Бұл жүйе бірнеше өзара әрекеттесетін модулдерден тұрады. Оның бірі деректерді игеру алгоритмін қолдана отырып процессті моделдейтін «деректерді игеру» модулі болып табылады. Тиімді моделдеу үшін әзірленетін қосымшадан қалыптасатын Network Common Data Form (NetCDF) форматтағы бастапқы файлдар қажет. Бұл жұмыста Network Common Data Form (NetCDF) форматының сипаттамасы, ерекшеліктері, құрылымы сипатталады, берілген форматпен жұмыс істейтін қолданыстағы утилиттер және бағдарламалық қамтамалар, интструменттер, визуализация бағдарламалары келтірілген. Олардың қызметтері мен функциялары талданады. MATLAB алнернатива болатын Scilab математикалық бағдарлама көмегімен құрылған NetCDF файлдары келтірілген. Жұмыста атмосфералық ауаның ластаушылары бойынша әзірленген деректер қоры көрсетілген. Негізгі кестелер құрылымы сипатталған: өріс, деректер типі, өріс сипаттамасы, өріс қасиеті. Деректер қорын құру үшін MS SQL деректер қорын басқару жүейесі (ДҚБЖ) қолданылған. Әзірленген деректер базасының реляциялық моделі келтірілген. Ақпараттық-моделдеу жүйесінің негізгі құрауыштарының өзара әрекеттесуі көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-24