Түркi тiлдерi морфологиясының бiрегей метатiлiн әзiрлеу
DOI:
10.26577/JMMCS-2018-4-557Кілт сөздер:
морфология, түркі тілдері, метатіл, тезаурусАңдатпа
Соңғы кездегі Интернет пен әлеуметтік желілердегі табиғи тілдегі ақпараттың көлемінің күрт артуы компьютерлік лингвистика саласындағы зерттеулер өте өзекті мәселе. Компьютерлік лингвистика информатика сияқты есептеу ғылымының жаңа бағыты екені белгілі. Компьютерлік лингвистика табиғи тілдерді өңдеу (Natural Language Proccesing- NLP) есебін шешумен айналысады. Түркі тілдерінің бірегей белгілеу жүйесін әзірлеу түркі тілдерін компьютерлік өңдеу саласының өзекті есебінің бірі. Бірегей белгілеу жүйесі белгілеулерді бірегейлендіріп, оларды түсінуді жеңілдетеді және түркі тілдеріне ортақ қосымшаларды пайдалануға, түрлі лингвистикалық-статистикалық зерттеулер жүргізуге және салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада түркі тілдерінің көптілді онтологиясын және бірегей ортақ метатіл құру бойынша орындалып жатқан халықаралық жобада жоспарланған жұмыстардың кейбір нәтижесі көрсетілген. Онтологиялық моделдер арқылы түркі (қазақ, қырғыз, татар, түрік, өзбек) тілдерінің морфологиялық ережелері формалданған. Бұл жұмыстың нәтижелерін NLP есептерін шешу үшін қолдануға болады. Мысалы, корпустарды белгілеуде, білімдерді шығару жүйелері, ақпараттық іздеу жүйелері, машиналық аудары және басқалары.










