Жер беті бедері бар орта үшін электрлік барлау есебін шешуге арналған сандық алгоритм

Авторлар

  • Tolkyn Mirgalikyzy Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Balgaisha Mukanova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS-2018-4-561

Кілт сөздер:

интегралдық теңдеулер әдiсi, сандық алгоритм, электрлiк барлаудың тура есебi, жер бетi бедерi

Аңдатпа

Электр өрісінің таралуына жер беті бедерінің әсері тұрақты тоқпен электрлік барлау арқылы зерттелетін электромагнитті өрістерді сипаттауда қазырғы уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жұмыста интегралдық теңдеулер әдісімен модельдеу жолымен жер беті бедері бар ортаны электрлік зондтау есебін сандық шешудің алгоритмін тестілеу қарастырылады. Интегралды теңдеулер әдісінің идеясы электр өрісін алғашқы өріс пен екіншілік зарядтар өрісінің қосындысы ретінде қарастыру болып  табылады. Жанасу шекаралары және геоэлектрлік қима беті электр өрісінің екіншілік қоздырғышы болып табылады. Өрістерді есептеу есебі өткізгіш орталар беттері мен бедерлі жер беті шекарасында индукцияланатын екіншілік тоқ қөздерінің тығыздығы бойынша құрылатын интегралдық теңдеулер жүйесіне негізделеді. Бұл құбылыстың математикалық сипаттамасы полярлық ядросы бар II түрдегі Фредгольм теңдеулеріне алып келеді. Есептеу алгоритмі нәтижелерді жер бедерінің әсерін есепке алу бойынша ашық қол жетімді жұмыстарда келтірілген шешімдермен салыстыру жолымен, ортаның дәл осындай параметрлерін бере отырып, тестілеу өткізілді. 2D орталардағы жер беті бедерінің әсерін есепке алу үшін ақырлы -элементтер және ақырлы-айырымдар әдістері арқылы, әр түрлі  тәсілмен алынған салыстыру орындалды. Сонымен қатар физикалық модельдеудің алынған мәліметтерімен салыстыру жүргізілді. Біз орындаған жорамал кедергінің қисықтарын есептеулер нәтижелері осы саладағы зерттеулермен жақсы үйлесім табады деп айтуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-24

Журналдың саны

Бөлім

Қолданылмалы математика