Цилиндрлiк облыста бiр класс көп өлшемдi эллиптикалық теңдеулерге спектрлiк Дирихле есебiнiң бiр мәндi шешiмдiлiк критериясы

Авторлар

  • S. A. Aldashov Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi

Кілт сөздер:

көп өлшемдi эллиптикалық теңдеу, спектрлiк Дирихле есебi, көп өлшемдi цилиндрлiк облыс, шешiмдiлiк, критерия

Аңдатпа

Комплекстi айнымалы аналитикалық функциялар теориясының әдiсiмен жазықтықта эл-
липтикалық теңдеулерге шеттiк есептердiң бiршешiмдiлiгi жақсы қарастырылған. Тәуелсiз
айнымалылар екiден көп болғанда, осы мәселелердi зерттегенде көп қиындықтар кездеседi.
Көп өлшемдi сингулярлық интегралдар теориясы толық емес болғандықтан, белгiлi сингу-
лярлық интегралдар әдiсiн пайдалану күшiн жоғалтады. Евклидтiк кеңiстiкте цилиндрлiк
облыста бiр класс көп өлшемдi эллиптикалық теңдеулерге бiр тектi шеттiк шарты бар спек-
трлiк Дирихле есебi қарастырылған. Шешiмi көп өлшемдi сферикалқ функциялар жiктеулерi
түрiнде қарастырылады. Шешiмi бар және жалғыз екендiгi дәлелденген. Қойылған есептiң
бiр мәндi шешiмдiлiк шарты алынған. Ол шарт цилиндрдiң биiктiгiне тiкелей байланысты.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-28