Пікірлерге мониторинг жүргізу және әлеуметтік көңіл күйді бағалау ақпараттық жүйесін жобалау және құрастыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS-2018-4-574Кілт сөздер:
әлеуметтік желілерді мониторлау, комментарийлерге анали жасау, әлеуметтік көңіл-күй, пайдаланушының қабылдауын бағалауАңдатпа
Әлеуметтік онлайн-сервистердің кең таралуы және Үлкен Деректер технологияларының дамуы әлеуметтік желілердегі деректерді әртүрлі салаларда қолдануға деген қызығушылық тудырды. Қазіргі таңда контент анализ және "әлеуметтік желілерді мониторлау" технологиялары танымалдылыққа ие болуда. Мұндай сервистердің көпшілігі шетелдік әзірлемелер болып табылады және лингвистикалық сөздіктер ағылшын тілінде құрастырылған, сондықтан қазақ және орыс тілдеріне бейімделмеген.
Мақалада елдің/аумақтың әлеуметтік көңіл күйін бағалау және пайдаланушының контентті қабылдауының эмоционалды түсін анықтауға арналған, қазақ және орыс тілдерінің, сонымен қатар ауызекі сөйлеу формаларының ерекшеліктеріне бейімделген "әлеуметтік желілерді мониторлау" ақпараттық жүйесін жобалау және әзірлеу процесі көрсетілген. Жұмыста ақпараттық жүйе алгоритмінің функционалдық мүмкіндіктерінің сипаттамасы және моделдері мен әдістері көрсетілген. Сонымен қатар, әлеуметтік көңіл күйді бағалаудың өнімдік моделі және қоғамның оқиғаларды қабылдауының семантикалық моделі қарастырылған. Мықты және әлсіз тұстарын анықтау мақсатында пікірлерді мониторлау саласындағы әзірлемелерге салыстырмалы анализ жүргізілген. Ақпараттық жүйе аудандық, республикалық және халықаралық деңгейде БАҚ-ты және әлеуметтік-желілерді мониторлауға, беделдерді басқаруға анализ жасауға, интернет контентті пайдаланушының қабылдауына анализ жасауға мүмкіндік береді.
