Коэффициентері басқару объектісінің қалып – күйінен тәуелді бір сызықты емес жүйені тұрақтандыру

Авторлар

  • Z. N. Murzabekov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G. A. Mirzakhmedova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS-2019-1-588

Кілт сөздер:

тиiмдi басқару есебi, үш секторлы экономикалық кластер, Лагранж көбейткiштер әдiсi, сызықты емес жүйелер, квадраттық функционал

Аңдатпа

Үш секторлы экономикалық кластердiң математикалық моделi үшiн уақыттың шексiз интервалында тиiмдi басқару есебi қойылады. Коэффициенттерi басқару объектiсiнiң қалып - күйiнен тәуелдi сызықты емес жүйенiң бiр класы үшiн тиiмдi тұрақтандыру есебi қарастырылады. Жүйенiң қалып - күйiнен және ағымдағы уақыттан тәуелдi болатын басқаруға қойылған шектеудi ескерiп сызықты емес тұрақтандырушы басқару табылды. Сызықты емес жүйелер үшiн алынған нәтижелер шексiз уақыт интревалында үш секторлы экономикалық кластерлерге арналған басқарушы параметрлердi құрастыру барысында қолданылады. Қарастырылып отырған мысал үшiн баланстық қатынасты қанағаттандыратын еңбек және инвестициялық ресурстардың тиiмдi үлестiрiмi анықталған. Келтiрiлген мысал сызықты емес жүйелердi басқару әдiстерiнiң тиiмдi қолданылуын сипаттайды.

Жарияланды

2019-04-24