The Дифференциалдық теңдеулердiң сызықты жұйесi туралы

Авторлар

  • T. М. Aldibekov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • M. M. Aldazharova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS-2019-1-615

Кілт сөздер:

теңдеу, бiрiншi реттi дербес туындылар

Аңдатпа

Басты бөлiктерi бiрдей бiрiншi реттi дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердiң
сызықты жүйелерi қарастырылады. Жай дифференциалдық теңдеулердiң қалыпты жүйесi
мен басты бөлiктерi бiрдей бiрiншi реттi дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердiң
сызықты жүйелерi арасындағы айқын байланысты пайдалана отырып, сызықты бiртектi
емес бiрiншi реттi дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердiң және осы бiрiншi реттi
дербес туындылы сызықты бiртектi емес дифференциалдық теңдеулер жүйесiнiң қайсiбiр
шешiмiне жалғасатын интегралды базис бар екенi көрсетiлген. Жай дифференциалдық
теңдеулердiң сызықты емес жүйесiнiң сондай маңайы болуының сипаты табылған, сол
маңайдағы бастапқы мәндерi алынған кез келген шешiм нөлге үмтылады. Бiрiншi реттi
дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердiң қалыпты жүйесi және басты бөлiктерi
бiрдей бiрiншi реттi дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердiң сызықты жүйелерiнiң
эквиваленттiгiн пайдаланып, нөлге жалғасатын, коэффиценттерi сызықты емес бiрiншi
реттi дербес туындылы сызықты бiртектi дифференциалдық теңдеулер жүйесiнiң итегралды
базисының бар екенi дәлеледенген

Жарияланды

2019-04-23