Үш салмақты дискреттi итерацияланған Харди типтi теңсiздiктер

Авторлар

  • R. Oinarov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • B. Omarbayeva Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • A. Temirkhanova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.03

Кілт сөздер:

теңсiздiк, Харди типтi оператор, салмақ, тiзбектер, дискреттi Лебег кеңiстiгi

Аңдатпа

Дискреттi, үзiлiссiз Харди типтi теңсiздiктерi гармоникалық анализде, интегралдық, диф-
ференциалдық және айырымдық операторлар теориясында, функционалдық кеңiстiктердегi
енгiзу теориясында және басқада математиканың бөлiмдерiнде көптеген қолданыстары бар.
Соңғы жылдары көп өлшемдi Харди типтi операторлардық салмақты бағалаулары қарқын-
ды түрде зерттелуде, яғни олар Лебег салмақты кеңiстiгiнен Морри типтi локальдi кеңiстiгiне
шенелiмдiлiк қасиеттерiн зерттеуде, сонымен қатар Лебег салмақты кеңiстiгiндегi бисызықты
операторларды зерттеуде қолданылады. Үш салмақты Харди типтi теңсiздiгiнiң дискреттi
жағдайы ашық мәселе болып табылады. Әдетте, дискреттi Харди операторының итерация-
сымен болатын теңсiздiктердi бағалау қиын деп саналады, өйткенi оның құрамында үш тәу-
елсiз салмақты тiзбек және әр түрлi қатынастағы үш параметр бар. Бұл мақалада бiз кейбiр
жаңа үш салмақты дискреттi итерацияланған Харди типтi теңсiздiктi 0 < p min { q , θ } жағ-
дайы үшiн дәлелдеймiз.

Жарияланды

2020-04-05