Серпiмдi тiректердi орналасқ ан вертикал роторлық жүйелерд iң автотербелiстерi

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.14

Кілт сөздер:

өздiгiнен қозатын тербелiстер, автотербелiстер, сырғу мойынтiрегi, Зоммерфельд гипотезасы, роторлық жүйе, бейсызық теңдеулер

Аңдатпа

Берiлген жұмыста сырғу мойынтiректерiнде орналасқан вертикалды роторлық жүйелердi-
орнықсыздығының басты себебi болып табылатын өздiгiнен қозатын тербелiстердi-
(автотербелiстердiң) пайда болу себептерi және олардың кейiнгi түр өзгерiсi зерттеледi.
өздiгiнен қозатын тербелiстердiң себебi ретiнде сырғу мойынтiрегiнiң өзегi мен
мойынтiрегi арасындағы май қабатының бар болуына байланысты пайда болатын
гидродинамикалық күштер болып табылады. Тербелiстер теориясының классикалық
әдiстерi мен Зоммерфельдтiң сырғу мойынтiректерiндегi май қабаты туралы гипотезасы
негiзiнде вертикал роторлық жүйенiң бейсызық қозғалыс теңдеулерi алынды. Ротор мен
тiректердiң алынған бейсызық дифференциал теңдеулерiнiң жалпы шешiмi жоқ. Зерттеу
сандық әдiстер арқылы жүзеге асқан. Ротор мен тiрек амплитудаларының демпферлеу
коэффициенттерiнен, қатаңдықтан, тiректер массасынан, саңылау шамасынан және
мойынтiректегi майдың тұтқырлығынан тәуелдi өрнектерi алынған. Берiлген жұмыстың
зерттеу нәтижелерi жеткiлiктi дәлдiкпен берiлген жүйенiң барлық қажеттi деген жұмыс
үдерiсiнiң сипаттамаларын анықтап және болжауға мүмкiндiк бередi. Жұмыс есепте
қарастырылып жатырған үдерiстiң физикалық мағынасын растауына байланысты,
нәтижелер сырғу мойынтiректерiнде орналасқан вертикалды роторлық жүйелердi жобалау
кезiнде берiлген математикалық модельдi қолдануға негiздеме болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-06