Бейтарап типтегi стохастикалық интегралдық-функционалдық теңдеулер үшiн салыстыру теоремасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.04Кілт сөздер:
стохастикалық дифференциалдық теңдеу, салыстыру теоремасы, гильберт кеңiстiгiАңдатпа
Бұл мақалада кiдiрiс әсерлi екi стохастикалық дифференциалдық теңдеулер үшiн Коши
есебi шешiмдерiн салыстыру есебi қарастырылған. Осы сияқты есептердiң шешiмдерiн
салыстыруға қатысты көптеген авторлар өз нәтижелерiн алды. Мақалада бейтарап типтi екi
стохастикалық интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшiн Коши есебi қарастырылған.
Қарастырылатын есептiң тасымалдау және диффузия коэффициенттерiнен басқа бiр
интегралдық-дифференциалдық бөлiктен тұрады. Бұрын зерттелген жұмыстардан негiзгi
айырмашылығы интегралдық бөлiктiң бар болуы болып табылады. Алынған нәтижелерге
сәйкес, олардың шешiмi тасымалдау коэффициентiне монотонды тәуелдi болады.
