Қалың қабырғалы құбыр элементінің күштік және коррозиялық әсер ету жағдайларында кернеулі күйін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.10Кілт сөздер:
қалың қабырғалы элемент, серпімді иілгіш күй, материалдың коррозиялық зақымдануы, иілгіштік біртексіздік, беріктендіру функциясыАңдатпа
Жазық деформация қойылымында күштік және коррозиялық әсер ету жағдайларында қалың қабырғалы құбыр элементінің кернеулі күйі зерттелді. Сыртқы жүктемелердің әсерінен элемент материалы серпімді-иілгіш күйге өтеді. Айдалатын ортаның коррозиялық әсері иілгіш аймақта материалдың жұмсаруына әкеледі. Материалдың жұмсаруы Треск-Сен-Венанның иілгіштік шартында біртексіздіктің арнайы функциясымен ескеріледі. Осесимметриялы қойылымда (бірқалыпты қысым) және симметриялы емес қойылымда (контуры бойынша бірқалыпты емес сыртқы қысым) серпімді иілгіш есеп қарастырылды. Есеп қарастырылып отырған серпімді иілгіш материал үшін статикалық және физикалық теңдеулерді бірлесіп пайдалану әдісімен және серпімді иілгіш дене теориясында ұйытқулар әдісімен шешілді. Коррозиялық-күштік әсер ету жағдайында қалың қабырғалы элементтің беріктігі мен көтергіштік қабілеттілігіне баға берілді.
