Шенелген сызықты жүйелердiң тиiмдi тез әсер ету теор иясын дағы интегралдық теңдеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.06

Кілт сөздер:

Тиiмдi тез әсер ету, фазалық шектеулер, голономдық байланыстар, батыру қағидасы, интегралдық теңдеу

Аңдатпа

Фазалық және интегралдық шектеулерi, сондай-ақ голондық байланыстары бар болатын
берiлген жиындардан шекаралық шарттары бар сызықты қарапайым дифференциалдық
теңдеулер үшiн тиiмдi тез әрекет ету есебiн шешу әдici үсынылады. Тиiмдi тез әрекет ету
есебiн шешудiң белгiлi әдiстерiне қарағанда, батыру қағидасы түрiнде тиiмдi тез әрекет
ету проблемасына жаңа көзқарас әзiрленi. Батыру қағидасы интегралдық теңдеудiң жалпы
шешiмiн қүру және шешiмдiлiгiн зерттеу негiзiнде қүрылған.
Алынатын негiзгi нәтижелер:
– бiр классты интегралдық теңдеулердiң шешiмiнiң бар болуының қажеттi және жеткiлiктi
шарттары жане оның жалпы шешiмiн құру;
– әрбiр элементi сызықты жүйенiң траекториясын кез келген бастапқы күйден кез келген
қалаған соңғы күйге ауыстыратын басәрудың барлық жиындарын таңдау;
– ұсынылған батыру қағидасы шектеулерi бар тиiмдi тез әсер етудiң бастапқы шекаралық
есебiн тиiмдi басқарудың арнайы бастапқы есебiне келтiруге мүмкiндiк бередi;
– мүмкiн болатын басқарудың қажеттi және жеткiлiктi шарттары;
– кез келген реттi сызықтық жүйелер үшiн шектеулерi бар тиiмдi тез әсер ету есебiн шешу
алгоритмi әзiрлендi.
Алынған нәтижелер көптеген қосымшалары бар болатын шектеулерi бар тиiмдi тез әсер ету
теориясының өзектi мәселелерiнiң шешiмi болып табылады.
Фазалық және интегралдық шектеулерi, сондай-ақ голондық байланыстары бар болатын
берiлген жиындардан шекаралық шарттары бар сызықты қарапайым дифференциалдық
теңдеулер үшiн тиiмдi тез әрекет ету есебiн шешудiң жаңа әдici құрылған. Жаратылыстану
ғылымдарда, техникада, экономикада көптеген қосымшалары бар тиiмдi тез әсер ету
шекаралық есептерiнiн жалпы теориясы құрылды.
Ұсынылған әдiсiң белгiлi әдiстерден принципиалды айырмашылығы бастапқы есеп тиiмдi
басқарудың бастапқы есебiне келтiрiлетiн функционалдық жиында анықталған басқарулары
бар басқарымдылық есебiне келтiрiледi.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-05