Екi штректiң серпiмдi тау жыныстарынының жарықтары массивтi салмақты қабаттағы кернеулiк-деформациялық жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.11Кілт сөздер:
штрек, изопараметрлiк элемент, транстропты массив, шектi элементтiк әдiсАңдатпа
Зерттеуде бипериодты саңылаулар жүйесi бар көлбеу, жұқа қабатты массивтiк
бiртектi анизотропты механикалық-математикалық моделiн ала отырып, жазықтықтың
деформациялану жағдайына шектi элемент әдiсiн қолдандық және тереңдiктiң екi штректi-
маңайында серпiмдi кернеулер мен орын ауыстырулардың заңдылықтары жүйелi түрде
зерттелдi. Тау жыныстарының геометриялық, физикалық параметрлерiне кернеулер мен
орын ауыстырулар компоненттерiне әсер етудi сандық есептеу және талдау жүргiзiлдi.
Қос қазбамен әлсiретiлген тау жыныстарын қатаңдығы жағынан эквиваленттi бiртектi
ортаға келтiру есебi арқылы жүзеге асырылды. Салмақты екi периодты жарықтармен
әлсiретiлген тау жынысында көлденең қимасы әр түрлi қос диагоналдық қазбаның бастапқы
статикалық кернеулiк күйiн аналитикалық әдiстермен шешу күрделi болғандықтын есеп
шектi элементтер әдiсiмен бiрiншi және екiншi изопараметрлiк элементтердi қолданып,
жалпылама жазық деформация шартында шешiлдi. Шектi элементтер әдiсi арқылы берiлген
облысты төртбұрышты изопараметрлiк элементтерге бөлу және қос қазбаның кернеулiк-
деформациялық күйiн сандық анықтау жолдары келтiрiлдi.
Есептеу алгоритмi және еркiн тереңдiк пен пiшiннiң iргелес қуыстарының серпiмдi күйiн
зерттеуге арналған бағдарламалық кешен жасалынды. Тау жыныстарының геометриялық,
физикалық параметрлерiне кернеулер мен орын ауыстырулар компоненттерiне әсер етудi
сандық есептеу және талдау жүргiзiлдi
