Теңселмелi тiрекке орналастырылған дiрiлденқорғау қондырғысының мәжбүр тербелiсiнiң өтпелi процесстерiн зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.12Кілт сөздер:
дiрiлденқарғайтын қондырғы, теңселмелi тiрек, сызықты емес тербелiстер, интегральдық қисықтар, ерекше нүктелерАңдатпа
Көптеген дiрiденқорғау және сейсмоқорғау қондырғыларында негiзгi элемент ретiнде
әртүрлi түрдегi теңселмелi тiректер қолданады.Теңселмелi тiрек дiрiлден қорғалатын денеге
қозғалмалы табан жасау үшiн қолданылады. Ғиаратарға және құрылғыларға әсер ететiн
динамикалық ұйытқытулардың көпшiлiгi өте күрделi және жүйесiз сипаттарда болады.
Берiлген мақалада, табаны горизонталь бағытта орын ауыстырған жағыдайдағы, негiзгi
элементi жоғары дәрежелi айналу беттерiмен шектелген теңселмелi тiрек болатын
кинематикалық табанға орнатылған қатты дененiң тербелiсi қарастырылады.Қозғалыс
теңдеуi айтарлықтай сызықты емес дифференциальдық теңдеу болады. Жүйенiң тебелмелi
процессiнiң стационарлы және өтпелi режимдерi зерттелдi. Тербелмелi процесстердi-
бiрнеше режимдерi бар екендiгi тағайындалды. Қозғалыс теңдеуi сандық әдiс арқылы да
зерттелдi.
Бұл жұмыста, фазалық жазықтықта интегральдық қисықтар ұрғызылған, ерекше
нүктелерге сапалы талдаулар жасалынып және оларды орнықтылыққа зерттеген. Хаяси
жазықтығында дiрiлден қорғалатын дененiң интегральдық қисығы тұйық траектория
жасайды және ол орнықты ерекше нүктеге ұмтылмайды. Бұл дiрiлденқорғалатын дененi-
тербелiсiнiң, орныққан режимдегi амплитудасының тұрақты болмайтындығының,оның
периодты өзгеретiндiгiн бiлдiредi.
