«QAMAL NPNS» шифрлеу алгоритмiнiң позициялы емес полиномдық санау жүйесiн пайдаланған моди фикациясы

Авторлар

  • R. G. Biyashev ҚР БжҒМ ҒК, Ақпараттық және есептеуiш технологиялар институты
  • A. Smolarz Люблин Техникалық университетi, Польша
  • K. T. Algazy Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0003-3670-2170 ##orcid.unauthenticated##
  • A. Khompysh ҚР БжҒМ ҒК, Ақпараттық және есептеуiш технологиялар институты

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.17

Кілт сөздер:

криптография, шифрлеу, S блок, позициялы емес полиномдық санау жүйесi, SP жүйесi

Аңдатпа

Ақпаратты өңдеу, сақтау және алмасу қазiргi қоғамдағы маңызды процесс болып табылады.
Криптографияны iс жүзiнде қолдану қазiргi қоғам өмiрiнiң ажырамас бөлiгiне айналды.
Қазақстанда электронды ақпаратты қорғау үшiн негiзiнен шетелдiiк бағдарламалық
және аппараттық-бағдарламалық құралдар қолданылады. Сондықтан да қазақстандық
криптографиялық қорғаудың құралдарын әзiрлеу қажет. Бұл мақалада бұрын әзiрленген
Qamal шифрлеу алгоритмiнiң жаңа модификациясы сипатталады. Модификация позициялы
емес полиномдық санау жүйелерiне (ПЕПСЖ) негiзделген шифрлеу алгоритмiн құру
үшiн SP желiсi қолданылған. Сонымен қатар шифрлеуде ПЕПСЖ пайдалану мақсатының
дұрыстығына теориялық түсiнiктеме берiлдi және шифрлеу алгоритмiн талдау нәтижелерi
келтiрiлдi. Позициялық емес полиномдық санау жүйелерiндегi көбейтуге арналған
алгебралық криптоталдау нәтижелерi бөлек көрсетiлген. Сонымен қатар, алгоритмде
пайдаланылған басқа да процедураларға арналған берiктiлiгiн зерттеу жұмыстары жақсы
нәтижелер көрсеттi. Бұл өз кезегiнде әзiрленген алгоритмнiң криптографиялық берiк
болатындығына болжам жасауға негiз болып табылады.

Жарияланды

2020-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Қолданылмалы математика