Акустикалық диагностикада бiлiкшенiң тербелiс теңдеуiнiң коэффициенттерiн идентификациялау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v106.i2.05

Кілт сөздер:

Штурм-Лиувилль теңдеуi, керi есептер, табиғи жиiлiк, коэффициенттi идентификациялау, акустикалық диагностика, бойлық тербелiстер, осциллятор теңдеуi

Аңдатпа

Бұл жұмыс Штурм-Лиувилль операторының коэффициенттерiн анықтаудың керi есептерiн шешуге арналған. Тербелiске байланысты керi мәселелер белгiлi бiр типтегi тербелмелi жүйенiң құрылысына байланысты, мысалы, белгiлi бiр қасиеттерi бар стержень, бiлiкше. Техникалық жобаны пайдалану кезiнде динамикалық сипаттамаларды қосылыстың шекарасын  өзгерту  арқылы  өзгертуге   болады.   Көбiнесе   бұл   қосылыстарға   тiкелей   қол жетiмдi емес, олардың жағдайына жанама ақпарат арқылы баға беруге болады. Акустикалық диагностикада жиi кездесетiн ақпарат бар. Осылайша, табиғи жиiлiктер жиынтығына сәйкес шекаралық байланыстардың жағдайын бағалау қажет. Бұл жұмыста Штурм-Лиувилль операторының коэффициенттерiн конструктивтi түрде анықтау алгоритмi ұсынылған. Бiлiкшедегi Штурм-Лиувилль теңдеуi үшiн керi есептiң шешiмi ұсынылған.

Жарияланды

2020-06-26