Бұлттық технологияларды пайдалана отырып, референцтi GNSS станциялардың желiлiк инфрақұрылымдарды басқарудың жүйесiнiң бағдарламалық жасақтамасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v106.i2.07Кілт сөздер:
бағдарламалық жасақтама, референцтi станциялар жүйесi, навигация жүйесi, басқару жүйесi, GNSS станцияларАңдатпа
Қазiргi уақытта ғаламдық навигациялық спутниктiк жүйелер әртүрлi нысандардың орналасқан жерiн анықтау үшiн метрлiк дәлдiкте кеңiнен қолданылады. Алайда навигациялық дәлдiктi қажет ететiн бiрқатар салалар бар, геодезия, картография, құрылыс, сәулет, прецинзиялық егiн шаруашылығы, ұшқышсыз автоматты түрде басқарылатын ұшақтар. Навигациялық анықтамалардың дәлдiгiн арттыру үшiн анықтамалардың дифференциалды режимi қолданылады. Дифференциалды режимдi iске асыру үшiн деректердi жинауға, сақтауға және көрсетуге, сондай-ақ дифференциалды түзетулердi есептеуге қабiлеттi GNSS референцтi станциялардың желiлiк инфрақұрылымы және бағдарламалық жасақтамасы қажет. Қазақстанда Trimble Navigation-мен қатар спутниктiк навигациялық жабдықтың және соған сәйкес бағдарламалық жасақтаманың негiзгi үлесiн алатын Le- ica Geosystems AG жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамаларында өз функцияларын жүзеге асыратын GNSS референцтi станциялар жүйесi бар. Бiрақ жоғары дәлдiктегi навигация саласында сыртқы тәуелсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында отандық GNSS референцтi станциялардың желiлiк инфрақұрылымын басқару жүйесiн құру, атап айтқанда бағдарламалық жасақтаманы құру өзектi тапсырма болып табылады. Осыған байланысты бұл жұмыс бұлттық технологияларды пайдалана отырып, референцтi GNSS станциялардың желiлiк инфракұрылымдарын баскару жүйесiне арналған арнайы бағдарламалық жасақтаманы жасауға арналған.











