Iрi қүйындылық әдiсiн қолдану арқылы электрон концентрацияның МГД турбуленттiлiгiне әсерiн моделдеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v106.i2.08Кілт сөздер:
Ионосфера Е-қабаты, электронның концентрациясы, магнитогидродинамика, Тейлор-Грин құйындығының есебi, ақырлы айырмдылық әдiсiАңдатпа
Осы жұмыста электрон концентрациясының ионосфераның Е-қабатының динамикасына әсер етудiң үш өлшемдi математикалық моделi құрылған. Ұсынылған әдiс жоғары есептеу тиiмдiлiгiн және сапаны жақсы бағалауды көрсетедi. Аралық жылдамдық өрiсiнiң конвективтi және диффузиялық бөлiктерiн аппроксимациялау үшiн ақырлы айырмдылық әдiсi бес диагональды матрицамен бiрге қолданылады, бұл кеңiстiк бойынша төртiншi реттi дәлдiкке және уақыт бойынша үшiншi реттi дәлдiкке қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. Қысымды шешу үшiн үздiксiздiк теңдеуiнiң орындалуын қамтамасыз ететiн Пуассон теңдеуi шешiледi. Пуассон теңдеуi Фурье түрлендiру әдiсi көмегiмен физикалық кеңiстiктен спектрлiк кеңiстiкке ауыстырылады. Температура мен электрон концентрациясының теңдеуi Адамс-Башфорт әдiсi арқылы шешiледi. Магниттiк өрiстiң МГД турбуленттiлiгiне әсерiн модельдеуден бұрын, сандық алгоритмнiң сәйкестiгiн тексеру үшiн, Тейлор Грин сынақтары Рейнольдстың әртүрлi сандары үшiн жүргiзiлдi, салыстыру нәтижесiнде құрылған сандық әдiстiң шешiмi спектральды әдiсiмен және аналитикалық шешiмдермен жақсы келiсiмде көрсеттi. Модельдеу нәтижесiнде турбуленттi ағынның әртүрлi Стюарт сандары үшiн температура контурлары мен изотермалары алынды. Әзiрленген сандық алгоритм Стюарттың әртүрлi сандарындағы ионосфералық турбуленттiлiктiң үрдiсiне әсерiн зерттеуге арналды.











