Қалың қабырғалы құбырдың эллиптикалық элементінің күштік және коррозиялық әсер ету жағдайларында кернеулі күйін зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v110.i2.06

Кілт сөздер:

қалың қабырғалы эллиптикалық элемент, серпімді иілгіш күй, материалдың коррозиялық зақымдануы, беріктендіру функциясы

Аңдатпа

Аңдатпа. Жазық деформация қойылымында коррозиялық-күштік әсер ету жағдайында қалың қабырғалы құбыр элементінің оның көлденең қимасының сопақталу кезіндегі кернеулі күйі  зерттелді. Сыртқы қысымның әсерінен элемент материалы серпімді пластикалық күйге өтеді. Айдалатын ортаның коррозиялық әсері иілгіш аймақта материалдың жұмсаруына әкеледі. Материалдың жұмсаруы Треск-Сен-Венанның иілгіштік шартында біртексіздіктің арнайы функциясымен ескеріледі. Асимметриялық есеп қойылымында  бірқалыпты сыртқы және ішкі қысымның әсерінен қалың қабырғалы эллиптикалық элемент үшін серпімді пластикалық есеп қарастырылды. Есеп қарастырылып отырған серпімді иілгіш материал үшін статикалық және физикалық теңдеулерді бірлесіп пайдалану әдісімен және серпімді иілгіш дене теориясында ұйытқулар әдісімен шешілді. Коррозиялық-күштік әсер ету жағдайында қалың қабырғалы эллиптикалық элементтің беріктігі мен көтергіштік қабілеттілігіне баға берілді.

Автор өмірбаяндары

  • K. Zh. Shetiyeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Докторант кафедры Механики, специальность 8D05403 - Механика

  • A. M. Alimzhanov, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    ф.-м.ғ.д., Механика кафедрасының профессоры

  • D. D. Bekmukambetova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Механика кафедрасының докторанты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-09-27