Қазақстандағы COVID-19 орта мерзiмдi болжамдарының математикалық моделi

Авторлар

  • S. I. Kabanikhin Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты РҒА СБ, Ресей, Новосибирск қ.
  • M. A. Bektemesov Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • J. M. Bektemessov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v111.i3.08

Кілт сөздер:

қарапайым дифференциалдық теңдеулер, керi есептер, сәйкестендiру, дифференциалдық эволюция

Аңдатпа

 Берілген жұмыста жұқтырылған, қалпына келтірілген және өліммен аяқталған жағдайлар туралы қосымша статистикалық ақпарат негізінде Қазақстандағы COVID-19 инфекциясының таралуын сипаттайтын математикалық моделінің белгісіз параметрлерін анықтау мәселесі тұжырымдалған және шешілген. 1927 жылы В.Кермак пен А.Маккендрик жасаған SIR моделі негізінде модификацияланған моделдер отбасының бөлігі болып табылатын қарастырылып отырған модель, индивидтердің вариациялық бір топтан екінші топқа ауысуын сипаттайтын 5 сызықтық қарапайым дифференциалдық теңдеулер жүйесі ретінде ұсынылған. Биологиядағы қарапайым эволюциялық есептер негізінде 1995 жылы Рейнер Сторн мен Кеннет Прайс ұсынған функционалды минимизациялаудың дифференциалды эволюциялық алгоритмі, кері есепті шеше отырып, модель параметрлері нақтыланып, ел тұрғындарының арасында жұқтырылған, қалпына келтірілген және өлім-жітімнің болжамдадық. Дифференциалды эволюцияның алгоритміне алдын ала анықталған кеңістікте кездейсоқ құрылған ықтимал шешімдер популяциясының генерациясы, алгоритмнің тоқтау критерийінен сынамалар алу, мутация, қиылысу және таңдау жатады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-10-09