Қисықсызықты облыстарда құрылымдық тор құру және оны бағалау

Авторлар

  • L. N. Temirbekova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • E. A. Malgazhdarov С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Өскемен қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v111.i3.10

Кілт сөздер:

сандық шешiм, қисықсызықты облыс, қуалау әдiсi, айнымалы бағыттар әдiсi, дербес туындылы дифференциалдық теңдеу, қисық сызықты тор, айырымдық схема

Аңдатпа

Мақалада геометриялық күрделi пiшiндi облыстарда құрылымды қисықсызықты торды құру әдiстерi және оны сапа тұрғысынан бағалау қарастырылған. Қисықсызықты облыстың шекарасында және iшiнде құрылымды тор құру үшiн дифференциалдық теңдеулерге негiзделген эквиүлестiрiм әдiстерi қолданылды. Дифференциалдық теңдеулердi сандық шешу ақырлы айырмдар әдiсiмен жүзеге асырылды. Қисықсызықты шекарада тор тораптарын бiркелкi орналастыру және облыстың iшiнде қисық сызықты тор құру есептерi үшiн айқын емес айырымдық схемалар құрылып, сколярлық қуалау және айнымалы бағыттар әдiстерi қолданылды. Сандық есептеулердiң нәтижелерi алынды және тор тораптарының әртүрлi саны үшiн қисықсызықты торлардың графиктерi келтiрiлдi. Тордың сапасы ортогоналдылық, созылу, дөңес және қарастырылып отырған облыстың бiрдей бөлiктерге, яғни ұяшықтарға бөлiнуiне жауап беретiн бейiмделу сияқты төрт критерилер бойынша зерттеулер жүргiзiлдi.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-10-09