Ұңғыманың түптiк аймағындағы карбонатты тау жыныстарының еру процесiн сандық моделдеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v112.i4.07

Кілт сөздер:

қышқылмен өңдеу, карбонатты керн, еру режимi, Дамколлер саны, Тиле модульі

Аңдатпа

Бұл жұмыста карбонатты жер қабаттарындағы тұз қышқылымен өңдеу кезiнде канал тесiктерiнiң пайда болуы зерттеледi. Eкi өлшемдi жағдайға арналған кеуектi ортада канал тесiктерiнiң пайда болу мәселесiн шешу алгоритмi жасалды. Бұл жұмыста тұз қышқылымен карбонаттардың еруiн сипаттау үшiн (тұз қышқылымен өңдеу) конвекция, диффузия және химиялық реакцияны ескеретiн екi масштабты модельдi қолданылды (кеуек шкаласы мен Дарсишкаласы бойынша). Кеуектiлiк өрiсiнiң бастапқы таралуы кездейсоқ сандардың орташа мөннiң айналасында таралуы ретiнде құрылды. Бастапқы кеуектiлiк өрiсiнiң таралуы негiзiнде жыныстыө бастапқы өткiзгiштiк өрiсi есептелдi. Кездейсоқ бөлу нақты жыныстың бiртектi емпестiгiн сипаттау үшiн қолданылды. Зерттеудiң қалған параметрлерi карбонатты керндердiң еруi бойынша белгiлi төжiрибелерден алынды. Тұз қышқылымен еру процесiн сиппаттайтын теңдеулер жүйесiн шешу үшiн сандық модель құрылды жөне осы зерттеудiң нөтижесiнде карбонаттардыө тұз қышқылымен еру режимдерi Дамколлер санына, кеуек масштабында және Дарси масштадбында Тиле модулiне байланысты алынды. Дамколердiң оңтайлы сандары (айдау жылдамдығы) да табылды. Құрылған алгоритмге негiзделген кеуектi ортада канал тесiктерiнiң құрылуы мен өсуi мәселесiнiң компьютерлiк коды C ++ программалау тiлiнiң көмегiмен құрылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-31