Сұйықтың буға айналу процессiн фазалық өрiс пен Больцман торлық теңдеу әдiсi бойынша моделдеу.

Авторлар

  • B. A. Satenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • D. B. Zhakebayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • O. L. Karuna Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v111.i3.09

Кілт сөздер:

Буға айналу, фазалық өрiс әдiсi, жылу беру, фазалық таралу, Больцман торлық теңдеуi әдiсi, Кан- Хиллиард теңдеуi

Аңдатпа

Берiлген мақалада сұйықтықты екi фазалы ағындарындағы жылу фазасының ауысу процесiн математикалық және компьютерлiк модельдеу қарастырылған. Қатты қабырғада тұрақты жылу көзi болған кездегi, тамшының буға айналу процесi зерттелiнедi. Көпiршiктiң пайда болуы және фазалық ауысу ескерiледi. Тамшының қайнау кезiндегi пайда болатын ағын сипаттамалары мен температураның таралуы алынды. Сандық зерттеудiң нәтижелерi (LBM- Lattice Boltzmann method) Больцман торлық теңдеуi әдiсiнiң, D2Q9 моделi мен фазалық өрiс әдiсi негiзiнде жүзеге асырылған 2D сандық алгоритмiнiң көмегiмен жүзеге асырылды. Есептеулер көрсеткендей, алдымен көпiршiк пайда болады, содан кейiн көпiршiк өседi, сосын жылу көзiнiң әсерiнен шекарадан арылады, содан кейiн жоғары көтерiлiп, керi итеру күшiнiң әсерiнен деформацияға ұшырайды. Көтерiлу кезiнде ауырлық күшi мен беттiк керiлу күшiнiң көпiршiк диаметрiне әсерi де сандық зерттелген. Алынған нәтижелер басқа авторлардың эксперименталды және сандық нәтижелерiмен салыстырыла отырып, жақсы сәйкестiк көрсеткенiн айтуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-10-09