Қазақ тiлiне арналған машиналық аударма жүйелерiн аудару сапасы мәселелерi

Авторлар

  • A. Karibayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-2023-1573
  • V. Karyukin Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8768-0349
  • A. Turgynbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-9660-6928
  • A. Turarbek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-4793-0446

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v111.i3.11

Кілт сөздер:

Машиналық аударма, машиналық аударма жүйелерi, RBMT, SMT, NMT, қазақ тiлi, аударма сапасы

Аңдатпа

Казақ тiлi күрделi морфологиясы мен синтаксисi бар тiлдерге жатады. Бүгiнгi таңда машиналық аударма жүйелерiнiң көпшiлiгi қазақ тiлiн, мысалы Google, Яндекс, Prompt және т.б. қолданады. Қазақ тiлiне машиналық аудармадағы (МА) қателердi анықтау үшiн ең танымал электрондық аударма бағдарламалары таңдалды. Орыс және ағылшын тiлдерiнен қазақ тiлiне (және керiсiнше) аударған кезде әртүрлi қателiктер туындауы мүмкiн, өйткенi қазақ тiлi басқа тiлдерден өзгеше және ерекше сипаттамаларға ие. Нәтижелердi салыстыру үшiн эмпирикалық әдiс қолданылды, атап айтқанда машиналық аударма жүйелерiнiң аударма нәтижелерiн бақылау және тестiлеу. Статистикалық әдiстердiң нәтижелерiн ескере отырып, ережеге негiзделген әдiстер мен машиналық аудармалардағы нейрондық желiлерге негiзделген әдiстер де талданды. Зерттеудiң практикалық маңыздылығы МА нәтижелерiн өңдеу кезiнде қателердi анықтау және жою бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады. Зерттеудiң ғылыми маңыздылығы қазақ тiлiн машиналық аудару кезiнде туындайтын қателер мен дәлсiздiктер алғаш рет жүйелендiрiлгендiгiнде. Сондай-ақ, МА сапасын бағалау ұсынылған. Осы мақалада жүргiзiлген зерттеу машиналық аудармада пост-редакциялау мәселесiн шешу үшiн қолданылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-10-09