Концепт-карталарды өндiруге арналған табиғи тiлдi өңдеу әдiстерi: ағылшын, қазақ және орыс мәтiндерiнiң мысалында

Авторлар

  • A. B. Nugumanova
  • Aizhan Soltangalienva Tlebaldinova Восточно-Казахстанский университет имени С.Аманжолова
  • Ye. M. Baiburin
  • Ye. V. Ponkina

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v112.i4.08

Кілт сөздер:

концепт-карталар, концепт-картаны өндiру, табиғи тiлдi өңдеу, ресурстары шектеулi тiлдер, R тiлi

Аңдатпа

Концепт-карталар концептуалды деңгейде кiрiс мәтiнiн немесе пәндiк аймақты ұсыну арқылы бiлiмдi визуализациялау үшiн қолданылады. Концепт-карталар мәтiннiң/пәндiк аймақтың негiзгi ұғымдары арасындағы жүйелiк қатынасты көрсетедi және сол арқылы оқу мен талдауға кететiн уақытты үнемдей отырып, пәндiк аймақтың идеяларын тереңiрек түсiнуге ықпал етедi. Алайда, концепт-карталарды құру процесi еңбек пен және уақытты көп қажет етедi. Қазiргi уақытта табиғи тiлдегi мәтiндерден концепт-карталарды автоматты түрде құру идеясына байланысты көптеген зерттеулер жүргiзiлуде. Мәселе жоғары практикалық құндылыққа ие, бiрақ теориялық тұрғыдан оны шешу әдiстерi негiзiнен тiлге тәуелдi. Мұндай әдiстер аннотациялары бар сапалы лингвистикалық ресурстарды талап етедi, бұл қазақ тiлi сияқты ресурстары шектеулi тiлдер үшiн елеулi қиындық туғызады. Бұл жұмыста тiлге тәуелдi тәсiлдерге байланысты проблемаларға талдау жасалған және ағылшын, қазақ, орыс тiлдерiндегi мәтiндерден концепт-карталарды автоматты түрде құру бойынша жасалған эксперименттiк жұмыс ұсынылған. Көпшiлiкке белгiлi бастапқыда ағылшын тiлi үшiн әзiрленген тiлге тәуелдi ReVerb әдiсiн қолданамыз және осы әдiстiң мысалында оны қазақ және орыс тiлдерiне аудару мәселелерiн талдаймыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-31