Бейнебақылау негiзiнде психоэмоционалды жағдайды тану: шолу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v112.i4.11Кілт сөздер:
Компьютерлiк көру, суреттi өңдеу, кластерлiк талдау, сигналдарды өңдеу, нейрондық желi, сүзгiлеуАңдатпа
Қазіргі уақытта бақылаудағы адамдардың, соның ішінде студенттер мен оқушылардың психоэмоционалды жағдайын анықтау әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселе болып табылады. Технологияның даму қарқыны, шетелдік және отандық мамандардың қызығушылығының артуы психоэмоционалды реакцияларды анықтауды автоматтандыру зерттеудің өзекті және сұранысқа ие бағыты екенін көрсетеді. Мақалада осы тақырыптағы әртүрлі әдеби дереккөздерге шолу жасалады, компьютерге адамның эмоцияларын тануға және түсіндіруге және оларға жауап беруге мүмкіндік беретін эмоционалды жасанды интеллекттің қазіргі түрлері талданады. Камера адамның жағдайын оқиды, ал нейрондық желі эмоцияны анықтау үшін деректерді өңдейді. Сонымен қатар, осы саладағы соңғы жетістіктерді ұсыну үшін 2019 және 2020 жылдары жарияланған соңғы зерттеу мақалалары бар.











