Кеуектi ортаның бiркелкi еместiгiнiң оны сиппаттайтын параметрлерге әсерiн кеуек масштабын зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v112.i4.06Кілт сөздер:
кеуектi желiнi модельдеу, тiкелей сандық модельдеу, Козени-Карман теңдеуi, өткiзгiштiк, кеуектiлiкАңдатпа
Бұл мақалада кеуектi ортаның бiртексiздiгiнiң, әсiресе оның негiзгi сипаттамаларға әсерiн талдау үшiн зерттеу жүргiзiлдi. Осы мақсатта нақты кеуектi модельдердiң компьютерлiк нұсқалары пайдаланылды. Бұл үлгiлерде үш бағытта бiрнеше тiлiм бар. Үлгiлердi қайта құру және өңдеу Avizo бағдарлама арқылы жүзеге асырылды. Ортаның бiртексiздiгiнiң негiзгi параметрлерге әсерiн талдау үшiн әрбiр модель бiрнеше геометриялық бiрдей бөлiктерге бөлiндi. Бұл параметрлер салыстыру үшiн кеуек желiсiн модельдеу (КЖМ) және КозениКарман (КК) әдiстерiмен есептелдi. Сонымен қатар, бұл екi әдiс тiкелей сандық модельдеу (ТСМ) әдiсiнiң қолда бар деректерiмен салыстырылды. Талдауға сәйкес, құмтас әлгiлерi үшiн КЖМ және ТСМ арасында жақсы сәйкестiк табылды, ал КК әдiсi ТСМ әдiсiмен сәйкессiздiктi көрсеттi. Карбонатты модельдер үшiн КЖМ және ТСМ әдiсiтiрiнiң арасында сәйкессiздiк байқалды, ал КК әдiсi ТСМ өте жақсы сәйкестiк көрсеттi. Әрбiр бөлiк үшiн параметрлер арасындағы байланыс карбонатты модель үшiн гетерогендi сипат көрсеттi.











