Бағдарламалық-аппараттық іске асыру үшін әзірленетін симметриялық блоктық шифрлау алгоритмдеріне қойылатын талаптар

Авторлар

  • Kairat Sakanuly Sakan Институт информационных и вычислительных технологий КН МОН РК
  • N. A. Kapalova
  • A. Haumen
  • O. T. Suleimenov

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v112.i4.12

Кілт сөздер:

симметриялы блоктық алгоритмі, ақпаратты криптографиялық қорғаудың құралдары, бағдарламалық, бағдарламалы-аппараттық және аппараттық іске асырудың шифрлау алгоритмдері, криптографиялық примитивтер

Аңдатпа

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелері мен компьютерлік желілерде ақпараттың қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз етуде маңызды құрамдас бөліктің бірі болып ақпаратты криптографиялық қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдары саналады. Бұл еңбекте ақпаратты криптографиялық тұрғыда қорғаудың заманауи құралдарына (АКҚҚ) қойылатын негізгі талаптар баяндалған және жүйелендірілен, симметриялық блоктық шифрлау алгоритмін әзірлеу кезеңдері көрсетілген. АКҚҚ-ға қойылатын негізгі талаптарын ескере отырып, әзірленетін криптографиялық шифрлау алгоритмдерін бағалау критерийлері талқыланған. Әзірленетін симметриялы блоктық шифрлау алгоритмін бағдарламалық-аппараттық іске асыруда криптографиялық түрлендірулердің (примитивтердің) түрлерінің ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен қажетті шектеулері қарастырылып, нақтыланды. Әзірленіп жатқан шифрлау алгоритмі «Гранит» АКТБ базасында көрсетілген талаптар мен сипаттамаларды ескере отырып, деректерді алдын ала (желілік) шифрлауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен жасап шығару жоспарлануда.

Симметриялы блокты шифрлар жасаудың негізгі талаптарын ескере отырып, мақаланың мақалада  «AL01» шифрлау алгоритмінің жаңа нұсқасы көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-31