Сиппаттамалары еселi диффененциалдық теңдеулердегi параметрдi қалпына келтiрудiң керi есебi

Авторлар

  • A. I. Kozhanov
  • U. U. Abylkayrov
  • Guzel Ashurova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v113.i1.01

Аңдатпа

Керi есептер - белгiлi немесе берiлген әсерлердiң себептерiн табу мәселесi. Олар бiздi қызықтыратын объектiнiң сипаттамалары тiкелей бақылау үшiн қол жетiмдi болмаған кезде пайда болады. Бұл, мысалы, кейбiр нүктелердегi олардың белгiленген мәндерiне сәйкес өрiс көздерiнiң сипаттамаларын қалпына келтiру, белгiлi шығыс сигналынан бастапқы сигналды қалпына келтiру немесе интерпретациялау және т.б. Берiлген жұмыста бiз дифференциалдық теңдеуге қойылған керi есептiң шешiмдiлiгiн зерттеймiз. Жұмыс бiрнеше сипаттамалары бар үшiншi реттi дифференциалдық теңдеулер үшiн сызықты емес керi коэффициенттi есептерiнiң Соболев кеңiстiгiнде шешiмдiлiгiн зерттеуге арналған. Бұл мақалада белгiлi бiр дифференциалдық теңдеудiң шешiмiн iздеумен қатар теңдеудiң бiр немесе бiрнеше коэффициенттерiн табу да талап етiледi, сондықтан оларды керi коэффициенттiк есептер деп атаймыз. Бұл жұмыста зерттелген есептердiң айрықша ерекшелiгi белгiсiз коэффициент белгiлi бiр тәуелсiз айнымалылардың функциясы емес, сандық параметр болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31